Помидордан жасалатын қысқы салаттар


Қысқа арналған салаттар

Жаз мезгілінде демалып қана қоймай, қыстың қамын ойлағанымыз жөн. Қазірден бастап тосап пен түрлі салат дайындап қоятын болсақ, қыста рахаттана отырып жейтін боламыз. Осыған орай, назарларыңызға қысқы салаттарды ұсынуды жөн көрдік.

1. Қызанақ, баялды және бұрыштан жасалған салат

Қажет азық-түліктер:

- 1,5 кг қызанақ;

- 1,5 кг баялды;

- 700 г болгар бұрышы;

- 500 г сәбіз;

- 6 мл өсімдік майы;

- 1 бас сарымсақ;

- 5 г қант;

- 30 г тұз;

- ащы бұрыштың 1/3 бөлігі.

Дайындалуы:

Қызанақты еттурағыштың көмегімен майдалаймыз. Қалған көкөністерді үлкен етіп кесеміз. Кесілген баялдыны тұздаймыз. Сарымсақты майдалап тураймыз. Қазанға өсімдік майын құйып, бәдіні қуырамыз. Арада 15 минут өткен соң бұрыш пен сәбізді саламыз. Мұны тағы 10 минут қуырамыз. Тұз бен қант, томат салып, 45 минут бұқтырамыз. Соңында сірке қышқылын, сарымсақты және ащы бұрышты қосамыз. Дайын болған салатты банкілерге салып, сыртын орамалмен жабамыз.

2. Кәді мен баялдыдан жасалған салаттар

Қажет азық-түліктер:

- 500 г баялды;

- 500 г кәдіш;

- 500 г болгар бұрышы;

- 500 г сәбіз;

- 700 г қызанақ;

- 100 г сарымсақ;

- 50 г 9 пайыздық сірке қышқылы;

- 150 г өсімдік майы;

- 100 г қант;

- 35 г тұз қажет.

Дайындалуы:

Баялдыдан өзге көкөністің барлығын тазалаймыз. Сарымсақты дөңкелектеп тұрап, сәбізді үккіштен өткіземіз. Кәді мен баялдыны үлкен етіп кесеміз. Бұрыштың дәнектерін алып, оларды да үлкенірек етіп тураймыз. Сірке қышқылы мен майды, тұз бен қантты бөлек ыдысқа салып, 3 минут көлемінде қайнатамыз. Осы қоспаны көкөністердің үстіне құямыз. Артынша барлығын 40 минут бойы бұқтырамыз. Салатымыз дайын!

3. Орамжапырақ салаты

Қажет азық-түліктер:

- 5 кг ақбас орамжапырақ;

- 1 кг сәбіз;

- 1 кг пияз;

- 1 кг қызыл болгар бұрышы;

- 0,5 л сірке қышқылы;

- 0,5 л өсімдік майы;

- 350 г қант;

- 4 ас қасық тұз.

Дайындалуы:

Орамжапырақ, пияз, бұрыш үшеуін тураймыз. Ал сәбізді үккіштен өткіземіз. Барлығын қатты күш салмай араластырамыз. Үстіне сірке қышқылы, қант, тұз, өсімдік майын қосып, жақсылап араластырамыз. Арада үш күн өткен соң банкіге салып, тоңазытқышқа саламыз. Бұл салат әдетте ұзақ мерзім бойы сақталады. Астарыңыз дәмді болсын!

massaget.kz

Помидор тұздау

05.08.2018 5 142 0 Дауыл

Ас дайындау

Көк қызанақтан (помидор) жасалған дәмді салат қыс мезгіліне дайындық.
Көп помидордан қыстық салат
Құрамы:
Көк қызанақ – 2 кг
Тәтті қызыл болгар бұрышы – 3 - 4 бас
Пияз – 2 - 3 бас
Ақжелкен (петрушка) – 1 бума
Ащы бұрыш (горький перец) – 1 - 2 бас
Сарымсақ – 5 түйір
Тұз – 2 ас қасық (толтырмай)
Шекер – 3 ас қасық
Сұйық май – 200 мл
Салатқа арналған құрғақ дәмдеуіш – 2 шай қасық
Сірке қышқылы (уксус) – 5 % - 150 мл

Жасалуы:
1) Банкіні содамен ысқылап жуып тазалап қою, қақпақты да ыстық сумен жуып кептіріп қою.
2) Көкөністерді жуып тазалап алу.
3) Көк помидорды жеуге ыңғайлы етіп турау, қалыңдығын 2 мм. Тұз сеуіп жақсылап араластырып қою.
4) Қалған көкөністердің бәрін турау. (пияз, болгар бұрышы, сарымсақ петрушка, (ақжелкен) ащы бұрыш).
5) Көкөністердің бәрін турап дайындап болған соң, үлкен ыдысқа туралған қызанақты салу түбінде қалған суын құймай - ақ қойған дұрыс.
6) Туралған басқа көкөністерді түгел салу (пияз, болгар бұрышы, сарымсақ петрушка, (ақжелкен) ащы бұрыш). Шекер, сұйық май, дәмдеуіш, сірке қышқылын құйып жақсылап араластыру қажет. (тұзды қызанаққа алдын салдық сондықтан қайта салу қажет емес).
7) Жақсылап араластырған соң, таза банкаларға салу қақпағын жабу (банканы стерилдеу қажет емес өйткені, салат банканың сыртынан қайнатылады).
8) Кастрөлге қалыңдау етіп орамал төсеп банкаларды салыңыз, су құйыңыз, (ескерту: су қайнаған кезде банканың ішіне төгілмейтіндей болсын). Отқа қойып 30 минуттай қайнатыңыз. Дайын болған соң, банканы бұрап жауып төңкеріп қойыңыз, бетіне жылы орамал жауып қойыңыз.
Дайындаған: Жайна

Алма қосылған аджика

Көкөністердің бәрін жуып тазалап алу керек. Барлық көкөністерден езбе дайындау қажет (сөл сыққыш құрал немесе еттартқыш пайдалану). Езілген


Пікірлер (0)

Пікір білдіру

bilimdiler.kz

"ЛЕЧО" салатының өте дәмді 5 ТҮРЛІ рецепті

ЛЕЧО салатын жасауды білесіз бе? Егер ұмытып қалған болсаңыз, біз ұсынған мәзірлерді қараңыз.


Дәл қазір көкөніс бағалары арзандап, самсап пісіп тұрған шағы. Ал, қысқа дайындық жасап, "банка жауып алу", әрине, әйелдердің жылдағы үйреншікті шаруасы. Алайда бүгінгінің балалары не берсең соны жей бермейді. Таңдап, талғап барып дәмін көреді. Сондықтан да қыстық салаттардың да «дұрысырағын» жабу керек.

Сондықтан да өзі дәмді әрі тәтті, балалар сүйіп жейтін лечо салатын жасаудың түрлі әдістерін үйреніп алыңыз.

Болгар бұрышы мен қызанақтан жасалған лечо


Қажетті өнімдер

  • 2 келі қызанақ
  • 100 мл өсімдік майы
  • 100 гр. қант
  • 1-2 ас қасық тұз
  • 3 келі болгар бұрышы
  • 10-15 түйір ірі қара бұрыш
  • 9 пайыздық 1 ас қасық сірке суы

Дайындалуы

  1. Қызанақты еттартқыштан өткізіп, қазанға құйыңыз. Сосын өсімдік майын, қант пен тұзды салып, араластырыңыз. Отқа қойып, 20 минуттай қайнатыңыз.
  2. Осы уақыт өткен соң ірілеп туралған болгар бұрышын саласыз. Қақпағын жауып тағы да 20 минуттай қайнатасыз. Ірі қара бұрыш пен сірке суын құйып, 5 минут қайнатыңыз. Дайын салатты зарарсыздандырылған банкаларға құйып, жауып ала бересіз.

Тағы да оқыңыз:

Қарбыз бен қиярдан СУПЕР салат

Қияр қосылған ЕРЕКШЕ лечо


Қажетті өнімдер

  • 1 келі қызанақ
  • 1 келі болгар бұрышы
  • 100 гр. қант
  • 1-2 ас қасық тұз
  • 100 мл өсімдік майы
  • 2-3 тіс сарымсақ
  • 2 келі қияр
  • 100 мл алма сірке суы

Дайындалуы

  1. Еттартқыштан өткізілген қызанақ езбесіне туралған болгар бұрышын, қант пен тұз, май, майдаланған сарымсақты салып, жақсылап араластырыңыз. Сосын отқа қойып қайнатасыз. Қақпағын жауып, жай отта 15 минут қайнатыңыз.
  2. Қиярды дөңгелектеп тураңыз. Егер қияр ірілеу болса ортасынан бір бөліп жіберуге болады. Туралған қиярды қазанға салып, сірке суын құясыз. Араластырып, қақпағын жауып, тағы да 15 минуттай қайнатасыз.

Кәді қосылған лечо

Қажетті өнімдер

  • 1 кг болгар бұрышы
  • 1 кг кәді (кабачок)
  • 2 кг қызанақ
  • 200 мл өсімдік майы
  • 100 гр. қант
  • 1-2 ас қасық тұз
  • 3 тіс сарымсақ
  • 100 мл алма сірке суы

Дайындалуы

  1. Болгар бұрышы мен кәділерді ірілеп тураңыз. Егер жас әрі балғын кәділерді пайдаланатын болсаңыз, онда тазалаудың қажеті жоқ. Ал, ірілеу кәділер болса қабығын аршып, дәндерінен тазартасыз. Сөйтіп текшелеп турайсыз.
  2. Қазанға еттартқыштан өткізілген қызанақ езбесін құйып, 5 минуттан соң көкөністерді салыңыз. Қақпағын жауып, қайнатыңыз.
  3. Сосын майды, қант пен тұзды салып, 15 минут қақпағын ашпай жай отта қайнату керек. Ал, салат дайын болуға 5 минуттай уақыт қалғанда майдалап туралған сарымсақты, сірке суын қосуды ұмытпау керек.

Баялды қосып дайындалған лечо

Қажетті өнімдер

  • 2 кг қызанақ
  • 50 гр. қант
  • 1-2 ас қасық тұз
  • 50 мл өсімдік майы
  • 1 ас қасық 9 пайыздық сірке суы
  • 1 кг болгар бұрышы
  • 1 кг баялды (баклажан)

Дайындалуы

  1. Қызанақтарды еттартқыштан өткізіп, қазанға құйыңыз. Оған өсімдік майы мен қантты, тұзды салып, сірке суын қосыңыз. Сөйтіп қайнатыңыз.
  2. Болгар бұрышы мен баялдыны текшелеп әрі ірілеп турап, қайнап тұрған ыдысқа саласыз. Барлығын бір араластырып, қақпағын жауып қойыңыз. 10-15 минут қайнаған соң, салат дайын болады.

Сәбіз бен пияздан дайындалған лечо


Қажетті өнімдер

  • 2 кг қызанақ
  • 150 мл өсімдік майы
  • 100 гр. қант
  • 1-2 ас қасық тұз
  • 9 пайыздық 1 ас қасық сірке суы
  • 500 гр. сәбіз
  • 1 кг болгар бұрышы
  • 300 гр. пияз

Дайындалуы:

  1. Еттартқыштан өткізілген қызанақ езбесін ыдысқа құямыз. Отқа қойып, май, қант, тұзды саламыз. Сірке суын құйып, қайнатамыз. Қайнаған соң ірі үккіштен өткізілген сәбізді саламыз. Сөйтіп 15 минут қайнату керек.
  2. Содан соң ірілеп туралған болгар бұрышы мен пиязды салыңыз. Лечоны тағы да 20 минут қайнатамыз. Дайын салатты банкаларға құя беруге болады.

Әзірлеген: Майра Сейфуллина,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Қарбыз бен қиярдан СУПЕР салат

Банан қосылған нан: ДӘМІ ТІЛ ҮЙІРЕДІ

Үйде дайындаймыз: ШІЛДЕДЕ шөл басатын ШАЙДЫҢ екі түрі

ernur.kz

Үйде тез дайындалатын жеңіл салаттар рецепті

Кенеттен үйіңізге қонақ келіп қалды ма? Немесе тым жұмысбастылыққа салынып, асүйдегі шаруаларға қолыңыз тимей жүр ме? Ендеше, қам жемесеңіз болады. NUR.KZ порталы асүйдегі қыз-келіншектерге арнап, тез әзірленетін әрі жеңіл бірнеше салаттың рецептісін ұсынады.

Сонымен, кеттік...

Сарымсақ қосылған қияр салаты

Дәруменге толы салаттың бұл түрін әзірлеу үшін көп уақытыңызды жұмсап, әуре болмайсыз. Дайындалу жолы оп-оңай. Сізге 500 грамм қияр, 3-5 тіс сарымсақ, 1 бума аскөк, 1/2 лимон мен қалауыңызға қарай ас тұзы мен қара бұрыш қажет.

Алдымен қиярды жақсылап жуып алыңыз. Оны дөңгелек пішіндес етіп орташа қалыңдықта турайсыз. Шамамен 0,5 сантиметр болғаны жөн. Ал сарымсақты қалауыңызға қарай ұсақтауға болады. Көбіне сарымсақты үккіштен өткізіп жасайтындар жиі кездеседі. Дегенмен ол уақытыңызды алады десеңіз, жұқартып турап шығуға болады. Аскөкті де ұсақ етіп турап алыңыз. Бір дана лимонның жартысынан алынған шырынмен араластырып шығыңыз. Салатқа қосылатын майды аздап құюды да ұмытпаңыз. Кейін қалауыңызға қарай ас тұзы мен қара бұрышпен араластырыңыз. Салатыңыз дайын болды. Оны дастарханға қоймас бұрын жарты сағатқа тоңазытқышқа салсаңыз, дәмі ерекшелене түседі. Айтпақшы, қыстың қамын жаз ойла демекші, салаттың бұл түрін консервілеп банкі ретінде жабуға да болады. Ол үшін жарты литрлік банкіге бір ас қасық сірке қышқылын құйыңыз. Бұл кезде салатқа қосылатын майды араластырудың қажеті жоқ.

Тұздалған қияр араласқан картоп салаты

Тойымды әрі дайындалуы да оңай салаттың бұл түрі ерекше тіл үйірерлік дәмге ие екені сөзсіз. Ол үшін сізге 4 дана картоп қажет. Оның қабығын тазалап аршып, ыдысқа салыңыз. Үстіне су құйып (картоп суда батып тұруы тиіс), бір шай қасық тұз себесіз де отқа қоясыз. Шамамен 15-10 минуттай пәсеңдетілген отта қайнатылған соң суын төгіп, тағы да қақпағын жауып отқа қалдырыңыз. Шала піскен картоп 10 минуттай бұқтырылуы тиіс. Мұнан соң картопты кубик етіп турап, тұздалған қиярмен араластырыңыз. Ол үшін сізге екі дана тұздалған қияр қажет болады. Қиярды жұқалап тураған дұрыс. Оның үстіне ұсақтап туралған 10-12 тал аскөкті сеуіп шығыңыз. Талғамыңызға қарай қаймақ құйыңыз.

Қызылша салаты

Қызылша салатының адам денсаулығына аса пайдалы екенін баршамызға белгілі. Ендеше, жеңіл тағамның бұл түрін неге күнделікті тамақтану рационыңызға қоспасқа?

Сарымсақ араласқан қызылша салаты көп шығынды да қажет етпейді. Асүйіңізден 3 дана қызылша, 5 түйір сарымсақ пен 3 ас қасық майонез және қалауыңызға қарай ас тұзы табылса болғаны. Бұл төрт порция салат әзірлеуге жетеді.

Алдымен, қызылшаны шамамен 40 минуттай отта қайнатып алыңыз. Егер қызылша жұмсармаса, әрмен қарай қайнатуды жалғастыра беріңіз. Піскен соң оның қабығын аршып, орташа қалыңдықтағы үккіштен өткізіңіз. Сарымсақты да үккіштен өткізу қажет. Кейін талғамыңызға қарай ас тұзын қосып, майонезбен жақсылап араластырып шығыңыз. Дайын салатты бір сағатқа тоңазытқышқа салсаңыз, дәмдірек бола түседі.

Тағы оқыңыздар: Еттен жасалатын тағамдар

«Минутка» салаты

Бар-жоғы он ғана минут уақытыңызды алатын салаттың бұл түрі бір қарағанда әзірленуі қиын секілді көрінеді. Ал шын мәнісінде олай емес. Ол үшін сізге 2-3 дана қызанақ, 1 тіс сарымсақ, 1,5 ас қасық майонез, 50 грамм кептірілген нан (сухарики) мен талғамыңызға қарай қара бұрыш және ас тұзы, ірімшік, аскөк пен салат жапырақшалары қажет.

Қызанақты жасылап жуып алған соң қалауыңызға қарай тураңыз. Тым ірі немесе тым ұсақ болмағаны абзал. Мұнан соң ірімшік пен сарымсақты бөлек үккіштен өткізесіз. Кейін ас тұзы мен қара бұрышты қалауыңызша сеуіп, барлығын мұқият араластырыңыз. Аскөкті де араластыруға болады. Соңында кептірілген нанды бетіне қойып шығыңыз. Себебі нан дымқылданып, езіліп кетпеуі қажет. Ыдысқа салмас бұрын астына салат жапырақшаларын төсесеңіз, тәбетті ашарлықтай кейіп береді.

Орамжапырақтан жасалған жеңіл салат

Орамжапырақ асты қорытып қана қоймай, артық салмақтан арылуды ойлап бас қатырып жүргендер үшін таптырмас көкөніс түріне жатады. Ендеше, неге салат әзірлемеске? Төрт порция салаттың бұл түрін әзірлеу үшін сізге көлемі кішірек бір дана орамжапырақ, 2-3 дана қызанақ, 2-3 дана жұмыртқа, 1 бума аскөк, 2-3 ас қасық өсімдік майы немесе қалауыңызға қарай тура сондай көлемде майонез және ас тұзы қажет. Ең бірінші жұмыртқаны қайнатып алыңыз. Піскен соң қабығын ашып, кубик пішіндес етіп тураңыз. Кейін орамжапырақты ұзынша етіп ұсақтайсыз. Аскөкті тіптен ұсақ етіп, ал қызанақты ұзынша немесе кубик етіп тураған абзал. Көкөніс майын немесе майонез және ас тұзын сеуіп, жақсылап араластырыңыз. Дәруменге толы салат дайын. Асыңыз дәмді болсын!

Тағы оқыңыздар: Дұрыс тамақтану ережелері

kaz.nur.kz

Қуырмаш салатын жабайық (фоторепортаж) | Otyrar.KZ

ҚУЫРМАШ САЛАТЫ

«Жаз шанаңды қыс сайла» немесе «Жаздың бір күні қыстың бір айына азық» дейді атам Қазақ. Өнімі мол жаз айларында адамзат баласы қысқа қам жасайды. Бірі қысқы отын жинаса, енді бірі азық-түлік қорын қамдайды. Сондай қамданудың бірі — банкі жабу. Бакні дегенде көз алдымызға түрлі қайнатпалар, тәтті тосаптар мен компот елестейді. Ал солардың арасында салаттың орны ерекше.

Салаттың түрі көп. Негізгі бірнеше түрін әр жердің адамдары сәл өзгертіп, жаба беруі мүмкін. Аты да өзгеше аталып кетеді. Сол салаттың бірі әрі ең көп тарағаны — «Қуырмаш» салаты. Қуырылған салат деп атауға да болады.

Өткен жексенбі күні ауылға бардық. Ұлдар жағы сабан жинасақ, қыздар мен келіндер салат жапты. Биыл анам банкі жабудан демалды. Тек бас-сөз болып жүрді. Бірақ, осы тірліктің ең маңызды сәті — банкі қақпағын өзі жапты. Сол салат жабу сәттерін суретке түсіріп алған едім. Сіздермен бөлісе отырайын.

Салат жабуға қажетті заттар

* 10 келі қызанақ
* 3 келі сәбіз
* 2 келі баклажан
* 2 келі болгар тәтті бұрышы
* 1 келі пияз
* 300 грамм сарымсақ
* 700 грамм өсімдік майы (тұшығаны)
* Қажет болса, 2 келі орамжапырақ та қосуға болады
* Шыны банкілер
* Шағын тақтайлар, өткір пышақтар, ет тартқыш, үлкенді-кішілі ыдыстар

Салатқа қажетті көкөністі сатып алсаңыз да болады. Күзге қарай арзандап қалады. Дегенмен, өз бақшаңыздағы өнімді пайдаланғанға не жетсін?!

Сонымен, бастаймыз. Ең алдымен, «Бісмиллә» деп алайық. Онсыз болмайды. Жиналған көкөністерді жақсылап жуып аламыз. Арасында шірігендері, езілгендері болса, алып тастау керек.

Содан кейін ең бірінші баклажанның қабығын аршимыз. Себебі, бұл көкөністің ащы дәмі болғандықтан, өзге жұмыстарды бастамай тұрып, тездетіп турап, тұзды суға бастырып қою керек. Сонда жағымсыз дәмі кетеді. Әйтпесе, жапқан банкі атылып та кетуі мүмкін. Осы тұста кейбір үй бикелері салаттың осы түріне баклажан да қоспайтынын айта кету керек.

Туралған баклажанды терең ыдыс, мысалы, кастрөлге салып, үстіне тұзды су құямыз. Сосын ауыр затпен бастырып қою керек.

Осыдан кейін өзге көкөністерді жуамыз. Әрқайсын бөлек шараға саламыз. Келесі жұмыс — тәтті болгар бұрышын турау. Алдымен сабағы мен өзегін алып тастаймыз. Содан кейін 4 бөлікке бөліп, майдалап турау керек.

Ұзыншалап тураймыз

Осы кезде өзге адамдар сәбізді, пиязды майдалап турай береді. Адам саны аз болса, болгар бұрышынан кейін турайсыз. Сарымсақты да ұмытпаймыз.

Сарымсақты аршып, майдалап тураймыз

Бұл жұмыстар аса қиын емес. Ең ұзақ әрі мұқият атқарылатыны — қызанақ. Оны жуып, екі немесе үш бөлікке бөлеміз (қалауыңызша). Содан кейін еттартқыштан өткізу керек.

Қызанақты қалауыңызша екі немесе үш бөлікке бөліңізОдан кейін еттартқыштан өткізу керек

Осы жұмыстар аяқталған соң қазан-ошақты дайындаймыз. Мүмкіндігінше кәдімгі дала отын пайдалану керек. Газға піскен салатта далада піскен салаттағыдай дәм болмайды. Жерошаққа қойылған қазан жақсы.

Жазда асхананың іші ысып кететіндіктен, биыл темір ошаққа пісірдік. Көктемде жасатқанбыз. Қазанның үлкенірек болғаны жақсы. Кемі 30-40 литрлік. Бірақ, аса үлкендері де қолайсыздық туғызады.

Темірден жасалған ошақ пен 30 литрлік қазанОтты үзбей жағу керек

Алдымен қазанның астына от жағамыз. Тезек және ағаш отын кезегімен жағылады. Екеуі де керек. Қазан қызған соң өсімдік майын құямыз. 1-2 минуттан соң пияз саламыз.

Шамамен 700 грамдай май құямызЕң бірінші пияз салып, қуырып аламыз

Осыдан кейін туралған көкөністерді кезегімен сала береміз. Ескеретін жайт — әр көкөністі салған соң 3-4 минут жеке-жеке қуыру керек. Олар майда біраз жұмсаруы тиіс. Бәрін бірден салсаңыз, шала қуырылады.

Пияздан кейін сәбізді қуырамызОдан кейін — баклажан

Осы жұмыстармен қатар міндетті түрде бір адам банкілерді залалсыздандырып жатады. Яғни, стерильдеу. Ол үшін газ жағып, үстіне шәугімге жартылай су құямыз. Ішіне банкінің қақпақтарын салып, қайнатамыз. Ал банкінің өзін шәугімнің ішіне түсіп кетпейтіндеп етіп, аузына қоямыз. Су қайнап, банкінің іші булануы тиіс. Бұл — аса маңызды жұмыс.

Банкі булауШәугімнен алған банкані қақпағын жауып, таза жерге қоямыз

Бұл уақытта салатымыз қуырылып жатыр. Кезек болгар бұрышына келді.

Қазанға болгар бұрышын саламызМұқият араластырып, қуырамыз

4-5 минут өткен соң шара толы қызанақты алып келіп, қазанға құямыз. Шараны, ләжі болса, ер адамға көтертіңіз. Себебі, ауыр.

Енді қазанның астына үзбей, біркелкі от жағып, кемінде 45 минут қайнатамыз. Осы уақыттың бәрінде от үзілмеуі тиіс. Бұл үшін тезек жақсы. Ол жайлап, үзбей жанады.

Тиісті уақыт өткен соң қазан-ошақтың қасына үстел әкеліп, үстіне стерильденген банкілерді тасу керек. Дайын салатты ожаумен құямыз. Шыны ыдыстың ернеуінен асырып жібермеу керек. Бұл жерде тәжірибе аса маңызды.

Ең маңызды жұмыс — банкінің қақпағын бұрау. Мұны біздің үйде мамам істей алады. Анамның белі шыдамай кеткенде әкемнің аздап бұрайтыны бар. Оған мол тәжірибе керек. Айтып, үйреткенмен, алып кету оңай емес. Жылдар бойы қайталап жасай бергеннен кейін ғана қол үйренеді.

Жауып болған соң банкілерді қараңғылау жерге жинау керек. Алғашында төңкеріп жинаймыз. Осы кезде қақпақтың жан-жағынан су ақпауы тиіс. Бұл — банкінің мұқият жабылғанының белгісі.

Банкілер осылайша ертеңіне кешке дейін тұрып, содан кейін қарай оң қаратып қоямыз. Тағы бірнеше күннен кейін жертөлеге жинай беруге болады. Ас болсын!

Сөз соңы. Бұл жолы жоғарыда айтылған өнімдердің барлығынан 18 литр салат жасалды. Екі литрлік 9 банкі. Осыған қарап, жабатын салаттың көлемін шамалай беруге болады.

2014 жыл, 3 қыркүйек. «Оңтүстік Рабат» газеті, № 36

kz.otyrar.kz

​Лечо салатын жасаудың өз әдісі бар

Лечо салатының дайындалу тәсілдері өте көп. Мына мәзір бойынша жасап көрсеңіз де болады.

фото: chastnosti.com

Лечо өте дәмді салаттардың бірі. Болгар бұрышы мен қызанақтан дайындалатын лечо салатын әзірлеу де қиын емес. Қыс мезгілінде дастарханның сәнін келтіріп, тағамның дәмін аша түсетін салатты дәл қазіргі уақытта қайнатқан өте тиімді.

фото: pinimg.com

Қажетті өнімдер:

  • 2 кг қызыл болгар бұрышы
  • 1 кг қызанақ
  • 7-10 тіс сарымсақ
  • 4 дана пияз
  • 2 бума аскөк
  • 1 стақан өсімдік майы
  • 1 шай қасық ұнтақталған қара бұрыш
  • ½ стақан қант
  • 1 ас қасық 9%-дық сірке суы
  • 1 шай қасық ұнтақталған ащы бұрыш.

Дайындалу тәсілі:

Қызанақ пен болгар бұрышын тазалап жуып, бірнеше бөліктерге бөліп турайсыз. Қызанақты еттартқыштан өткізесіз.

Пиязды аршып, тазалап жуып, дөңгелектеп турау қажет. Содан соң қазанға май құйып, қыздырыңыз. Пиязды салып, қуырасыз.

Пияз біраз қуырылғаннан кейін еттартқыштан өткізілген қызанақты құйыңыз. Дәміне қарай тұз салып, 15-20 минут қайнатылады. Үнемі қозғап отыруды ұмытпау керек.

Осы уақыт өткеннен кейін туралған болгар бұрышын салып, 5 минут қақпағын жауып бұқтырасыз. Сосын 10 минуттай қақпағын ашып қайнатқан дұрыс. Арасында салатты қозғап қою керек.

Енді сарымсақты аршып, майдалап турап, салатқа салыңыз. Артынша сірке суы мен қантты қосып, тағы да 15-20 минут қайнату қажет.

Соңында ащы бұрыш пен қара бұрышты, майдалап туралған аскөкті салып, жақсылап араластырыңыз да, 10 минут бұқтырыңыз. Сонда дәмді лечо салаты да дайын болады.

Сәбіз қосылған лечо


фото: pojrem.ru

Қажетті өнімдер:

  • 400 гр. болгар бұрышы
  • 150 гр. сәбіз
  • 1 дана ірі пияз
  • 700 мл. қызанақ шырыны
  • Тұз, бұрыш.

Дайындалу тәсілі:

Тәтті болгар бұрышын ортасынан бөліп, дәндерінен тазартамыз. Тазалап жуып, болгар бұрышының жарты бөлігін тағы да төртке бөліп шығамыз.

Ең алдымен қазанға болгар бұрышын саламыз. Болгар бұрышын шамалы қыщарғанша қуырып, артынша қызанақ шырынын құясыз. Қақпағын жауып, қайнағанша басқа қоспаларды дайындай беруге болады.

Сәбізді аршып, текшелеп тураймыз. Сөйтіп қазанға салып жібереміз. Сонымен қоса, лавр жапырағын, жебіршөп пен насыбайгүллді, қара бұрышты қосу керек. Салатты осылайша 30 минуттай қайнатады. Дайын салатты дастарханға ұсына беруге болады. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыздар: Мына асханалық қулықтар әйелдердің жүйкесіне әсер етпейді


Күнжітке аунатылған балық жеп көрдіңіз бе?

Қызанақты маринадтаудың бір әдісі

ernur.kz

​Ең ерекше салаттар

Жақын күндері қонақ шақыруды жоспарлап, салаттар мәзірін таппай жүрген болсаңыз, түрлі салаттар рецептерін ұсынамыз. Жазып алыңыз!

фото: puzzleit.ru

Қонақ шақырарда әрбір үйбикесі дастарханын жайнатып, барлық тағамдарды дәмді етіп әзірлегенді қалайды. Оның ішінде салатқа ерекше мән береді. Өйткені қызыл-жасыл, сары түсті көкөністерден дайындалатын салаттар дастарханның сәнін келтіріп, хош иісімен келген қонақтарды баурай түсетіні сөзсіз. Жақын күндері қонақ шақыруды жоспарлап, салаттар мәзірін таппай жүрген болсаңыз, түрлі салаттар рецептерін ұсынамыз. Жазып алыңыз!

Тез дайындалатын «Патша» салаты

фото: kushat.net

Қажетті өнімдер:

  • 4 дана жұмыртқа
  • 240 гр. краб таяқшалары
  • 300 гр. қатты сыр
  • 100 гр. кептірілген нан
  • 2-3 тіс сарымсақ
  • жарты дана лимон
  • майонез

Дайындалуы: Алдымен краб таяқшаларын текшелеп тураймыз. Сосын жұмыртқаны қайнатып, оны да текшелеп турау қажет. Ал, қатты сырды ірі үккіштен өткізесіз. Сарымсақты аршып, майдалап тураңыз немесе арнайы құралмен майдалаңыз.

Барлық керектілерді табаққа салып, майонез, кептірілген нан мен лимон шырынын құясыз да, барлығын жақсылап араластырасыз. Жақсылап араластырғаннан кейін салат та дайын болады.

Тауық етінен «ашқарақ» салаты

фото: chef.tm

Қажетті өнімдер:

  • 400 гр. тауық еті
  • 1-2 дана сәбіз
  • 1-2 дана пияз
  • 2-4 дана маринадталған қияр
  • 2-4 тіс сарымсақ
  • Қуыру үшін өсімдік майы қажет
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш
  • 2-3 ас қасық майонез

Дайындалуы:

Тауық етін тазалап жуып алыңыз. Сосын қазанға су құйып, етті саласыз да, қайнатасыз. 20 минуттай қайнату жеткілікті.

  • Пиязды аршып, жуыңыз да майдалап тураңыз.
  • Сәбізді де аршып, майда үккіштен өткізіңіз немесе ұзыншалап әрі жіңішкелеп турап шығыңыз.
  • Тауық етін сүйегінен ажыратып, орташа көлемде турайсыз. Егер ет тым жұмсақ болып піскен болса қолмен үзіп шығуға да болады.
  • Осыдан соң табаға азырақ өсімдік майын құйып, сәбізді қуырып алыңыз. Артынша пиязды салып, оны бөлек қуырыңыз. Содан соң сәбізді де, пиязды да суытып қою керек.
  • Сарымсақтыаршып, майдалап тураңыз.
  • Ал, маринадталған қиярды ұзыншалап әрі жіңішке етіп турайсыз.
  • Соңында барлық қоспаларды табаққа салып, майонез қосасыз да араластырасыз.

Ананастан күтірлек салат

Қажетті өнімдер:

  • 300 гр. тауық еті
  • 200 гр. консервіленген ананас
  • 200 гр. қатты сыр
  • 100 гр. ақ нан
  • 40 мл өсімдік майы

Дайындалуы:

Тауық етін ірілеп турап алу керек.

Табаға май құйып, қыздырып, етті қуырады. Етті қызарғанша қуырып, тәрелкеге салып алыңыз. Сосын табаға текшелеп туралған нанды салыпқызарғанша қуырыңыз.

Консервіленген ананасты да текшелеп турау керек.

Сырды ірі үккіштен өткіземіз.

Қуырылған етті, ананас пен сыр, кептірілген нанды табаққа салып араластырамыз.

Тұздық ретінде майонез қосуға болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы.

ERNUR.KZ

ernur.kz

Жазғы жеңіл салаттар | КТК

Жазда майлы, қорытылуы қиын ауыр тағамнан гөрі қоректік заттары мол жеңіл-желпі салат жеген әлдеқайда ұтымды. Салат дайындау әлдеқайда жеңіл болатындығын айтпағанда, жаңа піскен көкөніс салаттары әрқашан да дәмді әрі пайдалы. Тек өсімдік комбинациясын үйлестіріп, дәмін келтіре алсақ болды.

Жазғы салаттарды таңғы, түскі, кешкі асқа шексіз мөлшерде жеуге болады. Бұл жаз бойы артық алмағынан арылғысы келетіндерге де қатысты.

Бала кезімізден таныс жазғы салаттан бастайық.

Ең жеңіл жазғы салат

300 г шалғам (редиска),

4 пісірілген жұмыртқа,

100 г жасыл пияз,

30 г аскөк (укроп),

30 г ақжелкен (петрушка),

Қаймақ немесе майонез;

Піскен жұмыртқаны төртбұрыштап турап, шалғамды дөңгелектеп кесіп, пияз, аскөк, ақжелкенді ұсақтап турап, аздап тұз сеуіп араластырамыз да, үстіне қаймақ құямыз.

Түрлі-түсті қырыққабат қосып та тура осындай салат жасауға болады.

 

Түрлі түсті салат

400 г түрлі-түсті қырыққабат,

350 г шалғам,

1 лимон

50 г өсімдік майы,

40 г аскөк, ақжелкен мен жасыл пияз, қант, тұз, бұрыш.

Шалғамды тілімдеп тураймыз. Түрлі-түсті қырыққабаттың шоғырларын бөліп тұз салынған суға қайнатып, салқындатамыз. Содан кейін оны шалғаммен араластырамыз. Май,лимон шырыны, майдалап туралған пияз, қант, бұрыш және тұздан тұздық жасап, салатқа құйып, араластырамыз.

Қарапайым және сүйікті жұмыртқа мен жаңа қияр салаты. Бұл өте дәмді және егер сіз тырыссаңыз, қонақтар кенеттен сізге келсе, оны сәнді мерекелік салатқа айналдыра аласыз.

Сондай-ақ, қияр мен піскен жұмысртқадан да осындай салат жасауға болады.

Әдемі салат

300 г қияр,

3 пісірілген жұмыртқа,

1 ас қасық лимон шырыны,

3 ас қасық. қаймақ немесе майонез,

жасыл пияз, көк шөптер (аскөк, ақжелкен), тұз;

Қиярды жіңішкелеп белдеулеп кесеміз. Піскен жұмыртқанцың ағын да жіңішкелеп турап, сарысын және жасыл пиязды майдалап тураймыз. Араластырып, үстіне қаймақ пен лимон шырынын қосамыз. Егер майонез қолдансаңыз, лимон шырыны мен тұзды қоспайсыз. Салат дайын.  

 

 

Балғын салат

Бұл өте дәмді, сергітетін, тәтті және қышқыл салат. Қайнатылған ыстық картоппен бірге ет, балыққа қосымша ретінде, тіпті нанға да жағып жеуге болады.

1 жасыл шалғам,

1 қышқыл алма,

1 сәбіз,

1 қияр,

1 пияз,

1-2 ас қасық туралған ақжелкен,

1 ас қасық туралған жасыл пияз,

1 түйір сарымсақ,

1-2 ас қасық. хош иісті сірке суы,

1-2 ас қасық өсімдік майы,

дәміне қарай тұз, қант.

Көкөністерді аршып, жуып, ірі тесікті үккіштен өткізіп, пиязды жолақтап турап, хош иісті сірке суын құйып, қолыңызбен мыжып араластырып, біразға қойып қойыңыз. Жасылдарды, сарымсақты  ұсақтап турап, бәрін араластырып, дәміне қарай тұз, өсімдік майын қосып, қажет болған жағдайда дәміне қарай аздап қант қосыңыз.

Ең пайдалы балдыркөк (сельдерей) салаты

Балдыркөк дәрумендерге, минералдарға, қышқылға, ақуызға бай. Балдыркөк қартаю процесін бәсеңдетеді, ас қорытуға мықты әсер етеді, ағзаны токсиндерден тазарты, жүйке жүйесін тыныштандырады, сонымен қатар теріге жақсы әсер етеді. Ащы өсімдіктің пайдасымен қоса, одан жасалған салат та дәмді.

Балдыркөк қияр мен және жасыл шөптермен жақсы жүреді. Өз  бетіңізше тәжірибе жасап, балдыркөкті түрлі алаттарға қосып көріңіз, ол салаттардың дәмін мүлдем бұзбайды, керісінше,  пайдалы және дәмді етеді.  

150 г балдыркөк тамыры,

2 сәбіз,

1 жасыл, қышқыл алма,

3 ас қасық қаймақ,

1,5 ас қасық лимон шырыны, дәміне қарай тұз.

Балдыркөк тамырын аршып, алма, сәбізбен бірге ірі тесікті үккіштен өткізіңіз. Барлығын жақсылап араластырып, дәміне қарай қаймақ пен лимон шырынын, тұз қосыңыз. Пайдалы әрі дәмді салат дайын!

Шалғам мен аскөк қосылған жазғы салат

1 шалғам, аскөк,

ұнтақталған қара бұрыш,

өсімдік майы,

сәл сірке суы,

дәміне қарай тұз.

Шалғамды жақсылап жуып, өте жұқалап тураңыз. Тұз, бұрыш қосып, қолмен сөгін шығарып қаттырақ араластырыңыз. шін қолдарыңызбен біраз еске түсіріңіз. Сосын үстіне аскөк себіңіз. Салат сіңімді болу үшін 15-20 минут тұруы керек.

 

 

Жас қырыққабат салаты

Жалпы, қырыққабат – салмағын қадағалайтын кез келген адамның арманы. Оның құрамында көмірсулар мен майдың пайда болуына жол бермейтін тартон қышқылы бар. Ерте шыққан жас қырыққабаттан жасалған салаттың бәрі өте пайдалы.  

Ерте шыққан қырыққабаттың кішкентайлау 1 басы,

1 сәбіз,

балдыркөк (дәміне қарай),

1 қияр (немесе тәтті бұрыш),

2 түйір сарымсақ,

зәйтүн немесе өсімдік майы,

тұз.

Сәбізді ірі үккіштен өткізіп, аскөк, ақжелкенді ұсақтап тураймыз. Балдыркөк (сельдерей) қырыққабатқа өте ыңғайлы, қырыққабат салатына ны қорықпай қоса беруге болады. Сарымсақты айдалап турап, қияр немесе тәтті бұрыш қосамыз. Ол талғамыңызға қарай. Салатқа өсімдік майының бірнеше түрін қосқан жақсырақ, мысалы, зәйтүн және хош иісті күнбағыс майын. Күнжіт немесе зығыр майы мен лимон шырынын қоссаңыз тіпті қатып кетеді.

Бұл салаттың тағы бір нұсқасы: туралған қырыққабатқа қияр, қызанақ, тәтті бұрыш және көк: ақжелкен, аскөк, кинза қосыңыз. Егер сарымсақ қоссаңыз, лимон шырыны артық болады. Үстіне өсімдік майын құйыңыз.

«Денсаулық» салаты

¼ кішкентай жас қырыққабат,

Салат жапырақтары 1 байлам

1 қияр

1 алма

1 тәтті бұрыш

1 ірі  қызанақ

2 ас қасық. ұсақталған жаңғақ.

Тұздығы:

Қыша,

өсімдік майы,

ұнтақталған бұрыш,

тұз.

Көкөністерді жуып, ас сүлгімен суын сорғытып алыңыз. Бұрышты қақ ортасынан бөліп, сабағын және тұқымдарын алып тастап, өзін ши етіп тураңыз. Ірі үккіштен қияр мен алманы өткізіңіз. Қырыққабатты ұсақтап, тұзбен бірге қолыңызбен араластырыңыз. Үлкен салат жапырақтарын жұлып-жұлып салыңыз. Қызанақты ірілеп тураңыз. Дайындалған көкөністерді салат ыдысына салыңыз да, жақсылап араластырыңыз. Тұздығына лимонның бір тілімінен шырынды сығып, қыша, өсімдік майы, тұз және ұнтақталған бұрыш қосып, жақсылап араластырып, салатқа құйып, үстіне ұсақталған жаңғақ себіңіз.

Бұл салаттың дәмін ерекше етуге сарымсақ пен үгілген райхан гүлін қосуға болады.

Кәдіден (кабачок) жасалған тіскебасар-салат

1 орташа кәді,

2-3 түйір сарымсақ,

күнбағыс майы,

ақжелкен,

майонез,

дәміне қарай тұз.

Кәдіні қабығынан тазалап, кішкене төртбұрыштар турап, күнбағыс майына қуырамыз. Сосын салқындатып, сарымсақ салып, тұздап,  майонез құйып, ақжелкен қосыңыз.

Бұл салатта кәдінің орнына баклажан салуға болады. Сонда  мүлдем дайын тағам болып шығады, дәмі де өзгеше болмақ.

Дәмді, оңай және тез - бұл біздің жазғы мәзіріміздің ұраны!

Оқи отырыңыз: Дәмді қарбыз таңдап үйреніңіз 

Қарапайым соус дайындап үйренейік 

Смузи. Ескертпе. Құпиясы. Қарапайым рецептер 

Ең жоғары калориялы жеміс-жидектер 

Аш қарынға жеуге болмайтын тағамдар 

www.ktk.kz

Қызылшадан әзірленетін салаттар

Қызылша — дәмді, құрамында пайдалы дәрумендері мен қанты көп, денсаулыққа пайдалы көкөністердің бірі. Ол ағзада қанның көбеюіне жағдай жасайды. Ең бастысы, одан кез келген адам сүйіп жейтін салаттардың түрлісін әзірлеуге болады. Назарларыңызға қызылшадан әзірленген 3 түрлі салат ұсынамыз. 

Қызылша мен қара өріктен әзірленген салат

(Ингредиенттер 4 адамға есептелген)

Қажет азық-түліктер тізімі:

- 1 кг қызылша;

- 200 г қара өрік;

- 200 г сары өрік;

- 5 грек жаңғағы;

- 250 г майонез;

- тұз.

Әзірленуі:

Қызылшаны қайнатып, қабығын аршимыз. Кептірілген жемістер қатты болса, ыстық суға салып, жұмсартып аламыз. Жұмсарған соң оларды кесеміз. Бірақ өте кішкентай қылудың қажеті жоқ. Грек жаңғақтарын да кесеміз. Барлығын қызылшамен араластырып, тұз себеміз, кейін майонезбен араластырамыз.

Корейше қызылша

(Ингредиенттер 10 адамға есептелген)

Қажет азық-түліктер:

- 500 г қызылша;

- 3 тіс сарымсақ;

- 0,5 шай қасық қызыл бұрыш;

- 1 шай қасық үгітілген күнзе;

- 70 мл сірке қышқылы;

- тұз.

Әзірленуі:

Қызылшаны жақсылап жуып, суға салып қайнатыңыз. Артынша үккіштен өткізіңіз немесе жіңішке қылып тураңыз. Ыдысқа салыңыз. Ал сарымсақты ұсақтап тураңыз. Артынша қызылшаның үстіне сарымсақты салып, тұз себіңіз, сірке қышқылын қосыңыз. Барлығын жақсылап араластырыңыз. Қызылшаны ыдысымен қайнап тұрған судың үстіне қойып, 20 минут бойы ішіндегі тағамдарды араластырыңыз. Артынша оттан алып, бұрыш, күнзе және натрий глютаматын қосыңыз. Өсімдік майын салатқа құймас бұрын, табаға құйып ысытып алыңыз. Артынша қызылшаның үстіне құйып, барлығын 12 сағатқа қалдырыңыз.

Фаршталған қызылша

Қажет азық-түліктер тізімі:

- 400 г қызылша;

- 300 г сиыр еті;

- 2 бас пияз;

- қаймақ;

- өсімдік майы;

- тұз;

- қара бұрыш.

Әзірленуі:

Қызылшаны қайнатыңыз. Ет пен пиязды және дәмдеуіштерді бұқтырыңыз. Піскен қызылшаның қабығын аршып, ортасын ойып алыңыз. Осы ортасына бұқтырған ет пен пиязымызды салып, бетіне қаймақ жағып, 15 минутқа пешке салыңыз. Артынша дайын болған тағамды көк шөппен безендіріңіз. Фаршқа күріш немесе мейіз, күріш, қатық пен қант қосылған тәтті фарш қосуға болады. Осымен салаттарымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

massaget.kz

Тауық етінен дайындалған дәмді салаттар

Қонақ шақырарда әйелдер жағы алдымен дастархан мәзірін ойлайды. Әсіресе дастарханның сәнін келтірер салат дайындауда олар бар өнерін салады. Осындайда өте дәмді тауық етінен жасалатын салат "өтімді" болады.


фото: foodman.club

Тауық еті мен ананастан салат

Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. тауық еті
  • 1 банка консервіленген жүгері
  • 1 банка консервіленген ананас
  • 3 дана жұмыртқа
  • 100 гр. сыр
  • 3 ас қасық майонез

Дайындалу тәсілі:

  1. Тауық еті мен жұмыртқаны алдын ала қайнатып пісіріп алыңыз. Сосын сырды салаттың ең бетіне үккіштен өткізіп салу керек. Сонда өте әдемі әрі дәмді салат шығады.
  2. Салаттың бетін әсемдегіңіз келсе, жүгеріні, ананасты, аскөкті пайдалануға болады.
  3. Содан соң тауық етін, турап, тәрелкенің ең астына саласыз. Бетіне майонез жағыңыз.
  4. Екінші қабатқа жүгеріні салыңыз. Оның да бетіне майонез жағып, консервіленген ананасты саласыз.
  5. Ананастың бетіне де майонез жағылады.
  6. Жұмыртқаны ірі үккіштен өткізіп, оны себелейсіз де, майонез жағасыз.

Тауық еті мен брынзадан дайындалған салат

фото: fannykitchen.com

Қажетті өнімдер:

  • 4 дана тауық еті
  • 50 гр. брынза
  • 1 дана лимон
  • 1 дана салат жапырағы
  • 1 дана қияр
  • 3 дана қызанақ
  • ½ дана қызыл пияз
  • 2 ас қасық лимон шырыны
  • 5 гр. сарымсақ
  • 60 мл зәйтүн майы (қуыру үшін)
  • Дәміне қарай орегано, зәйтүн, тұз, бұрыш қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Тауық етін тазалап жуып, кептіріп қойыңыз. Сосын етке лимон шырынын, тұз, бұрышты, азырақ орегано қосасыз. Барлығын араластырып, маринадтап қоясыз.
  2. Ал, басқа да керектілерді дайындау үшін, алдымен зәйтүн майын, лимон шырынын және ұнтақталған сарымсақты араластырыңыз. Осы араласпаға тұз, бұрыш, орегано қосу керек. Барлығын араластырып, туралған көкөністерді саласыз.
  3. Тауық етін майға қуырып аласыз. Пісіп шыққан соң салатқа қосыңыз. Салатқа қалауыңызша зәйтүндерді, брынзаны, сырды қоса аласыз. Соңында зәйтүн майы араласпасын құйып, тәрелкеге саласыз да, дастарханға ұсына бересіз. Салат дайын!

Әзірлеген: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ernur.kz

Жазға арналған жеңіл салаттар

Жаздың күні бәріміз де жеміс-жидектер мен көкөністер жегенді жақсы көреміз. Өйткені, олар біздің ағзамызды түрлі аурулардан сақтап, пайдалы заттармен қамтамасыз етеді. Бүгін біз сіздерге жазғы тағамдардан жасалатын бір топ салаттарды ұсынғымыз келіп отыр. 

1. Алма және жанжабіл қосылған сәбіз салаты

Керекті азық-түліктер:

3 сәбіз;
1 алма;
үгілген 2 ас қасық жанжабіл;
көк жуа;
1/4 стақан грек немесе миндаль жаңғағы.

Тұздық дайындау үшін:

1 ас қасық сірке суы;
1 ас қасық үйеңкі шәрбаты;
2 ас қасық зәйтүн майы;
тұз және бұрыш.

Алдымен асүй комбайнымен сәбіз бен алманы уақтап, жанжабілдің тамырын тазалап, үккішпен ұсақтаңыз. Сосын көк жуаны  кесіп, бәрін табаққа салып, жаңғақ қосыңыз. Ал тұздығын дайындау үшін сірке суы, үйеңкі шәрбаты және зәйтүн майын араластырып, үстіне тұз бен бұрыш салсаңыз болады. 

Брюссель орамжапырағы мен сүрсүбеден жасалатын салат

Керекті азық-түліктер:

500 грамм брюссель қырыққабаты;
1 стақан грек жаңғағы;
50 грамм сүрсүбе;
жүзім.

Тұздыққа:

2 ас қасық қыша;
2 ас қасық үйеңкі шәрбаты;
3 ас қасық алма сірке суы;
3,5 ас қасық зәйтүн майы;
тұз бен бұрыш.

Брюссель орамжапырағы мен сүрсүбені жұқалап турап, табаққа салыңыз. Грек жаңғағын 3-5 минут қуырып, жүзіммен бірге қосып, жақсылап араластырыңыз. Содан кейін тұздық дайындауға көшіңіз. Ол үшін жоғарыда айтылған заттардың барлығын блендермен араластырсаңыз болғаны. 

Картоптан жасалатын салат

Керекті азық-түліктер:

5 картоп;
кинза мен укроп;
5-6 черри қызанағы.

Тұздыққа:

1/2 стақан кешью;
2 ас қасық қыша;
чили бұрышының бір салымы;
2 түйір сарымсақ;
60 мл лимон шырыны;
50 мл су.

Картопты қуырып, кинза, аскөк және қақ ортасынан кесілген черри қызанағын қосып, араластырыңыз. Содан соң кешью жаңғағын, лимон шырынын, қыша, сарымсақ, су қосып, тұздық дайындаңыз. 

Бұл салаттар жазда жүрек жалғап алуға жақсы. Ас болсын!

massaget.kz


Смотрите также